Астанада тамыз айында жол жүру билеттерінің құны өзгермейді
Астанада қоғамдық көлікте жүру ақысының көтерілуіне байланысты тамыз айында ұзақ мерзімді жол жүру – айлық, үш айлық, сондай-ақ күнделікті жол жүру тарифтерінің бағасы сол қалпы қалады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты CTS-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Айта кетейік, 1 тамыздан бастап елорданың қоғамдық көліктерінде жол жүру тарифі 110 теңгеге дейін өседі.
Алайда жол жүру бағалары өзгермейді. Оларға тарифтер келесідей:
Айлық жол жүру:Қала – 7 500 теңге;Қала+қала маңы – 9 500 теңге;Үш айлық жол жүру – 20 000 теңге (тек жеке тұлғаларға).
Тәуліктік жол жүру:1 тәулік – 500 теңге;3 тәулік – 1 500 теңге;5 тәулік – 2 000 теңге;15 тәулік – 4 000 теңге.
Айта кету керек, тәуліктік жол жүру билеттері бірінші валидация жасалған сәттен бастап іске қосылады.
Ауысып отырумен сапарлар:
Ауысып отырумен 15 сапар – 2 000 теңге (60 минут ішінде 1 рет ауысып отыру);Ауысып отырумен 30 сапар – 4 000 теңге (60 минут ішінде 1 рет ауысып отыру).
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -