Астанада «Tanym CUP» республикалық пікірсайыс турнирі өтті: Астана қаласы, 30 Қыркүйек 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Астанада «Tanym CUP» республикалық пікірсайыс турнирі өтті

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Діндерді зерттеу орталығы» 28-29 қыркүйек аралығында жастар арасында «Tanym CUP» республикалық пікірсайыс турнирін өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында дін тақырыбындағы өзекті мәселелерді анықтап, діни экстремизммен күресу және сыни ойлау дағдысын қалыптастыру арқылы дін саласына деген қызығушылығы мен жанашырлығын арттыру, сондай-ақ әлеуметтік желіде интеллектуалды жастар ойынымен зайырлылық қағидаттарын насихаттау.

Пікірсайыс турнирі «Назарбаев Университетінде» қазақ, орыс тілдерінде өтіп, іріктеу кезеңі мен плей-офф кезеңінен тұрды. Іріктеу кезеңі «Британиялық Парламенттік Формат (БПФ)» форматында өтетін төрт іріктеу раундынан, плей-офф кезеңі «Америкалық Парламенттік Формат (АПФ)» форматында өтті.

Турнирге республикамыздың барлық аумағынан 18-30 жас аралығындағы 96 адам, оның ішінде 60 тіркелуші өзге аймақтан қатысты. Қатысушы командалар саны: қазақ тіліндегі лига – 32, орыс тіліндегі лига – 16. Сонымен қатар бұл турнирде ең жоғары ұпай жинаған екі спикер арасында финалдық ойын өткізіліп, турнирдің «Үздік спикері» анықталды.

Турнир қорытындысы бойынша қазақ лигасында 1-орынды «Кешіріңдерші» командасы (Айдана Жарылқасын, Даулет Нұркен), 2-орынды «501-легион» (Шыңғыс Теңсізбек, Аслан Төрехан), алса, 3-орынды «who's done A»(Айбике Жағыпарова, Элина Амурлаева) фракциясы иеленді. Ал «Үздік спикер» аталымын Алтынай Заманбекова иеленді.

Орыс тілді лиганың қорытындысы бойынша 1-орынды «Жылап ал, айналайын» (Әйгерім Айбасова, Димаш Сағатбеков), 2-орынды «Консервативный Кальянс» (Нұрлан Мұратбек, Аслан Әбілқайыров) командасы иеленді. 3-орынды «Путь дебатера - это бан» (Артем Посвежинский, Дмитрий Беседин) командасы иеленді. Орыс тілді лиганың үздік спикері Аслан Әбілқайыров атанды.

Турнирдің жалпы жүлде қоры 2 140 000 теңгені құрады. Оның ішінде I орын иегерлеріне – 500 000 теңге, II орынға – 300 000 теңге, III орынға – 200 000 теңге, турнирдің үздік спикерлерлеріне – 70 000 теңгеден берілді.

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима города Астана»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар