Астанада «Таза бейсенбі» акциясына 100 ерікті қатысты
Астанада «Жасыл ел» ұйымының еріктілері Қорғалжын тас жолының бойындағы аумақты қоқыстан тазартты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Тазалау Астананың жасыл белдеуіне жақын орналасқан демалыс үшін тұрғындар арасында танымал учаскеде жүргізілді. Еріктілер 30 қап қоқыс жинады.
Қатысушылардың айтуынша «Таза бейсенбі» акциясына еріктілер апта сайын қатысуда. Тазалау кезінде пикниктер үшін танымал немесе қала шегінде орналасқан учаскелерге назар аударылады.
Мұндай қоқыстардан тазарту шаралары Нұра ауданының аумағында апта сайын өткізіледі.
Еріктілердің жұмысы көшелер мен аулаларды күнделікті тазалаумен айналысатын коммуналдық қызметтерге септігін тигізуде.
Айта кетейік, елордада жасөспірімдер мен жастар арасында қоршаған ортаны қорғауға, сондай-ақ жастарды еңбекке тартуға бағытталған «Жасыл ел» бағдарламасы жүзеге асырылуда. «Жасыл ел» жобасы аясында биыл елордада 14 пен 35 жас аралығындағы 4200-ден астам жас жұмысқа орналасады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -