Астанада «Театрлы Еуразия» халықаралық фестивалі өтеді
Астана күнін мерекелеу аясында 5-7 шілде күндері елордада «Театрлы Еуразия» халықаралық театр фестивалі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Фестиваль «ХХІ ғасыр театры: заман талабы» пленарлық отырысымен ашылады. Іс-шара бастамашысы Астана қаласының әкімдігі және «Мир и гармония» қорының президенті Э.М. Щербакова.
Пленарлық отырыс 5 шілде күні М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында өтеді.
6-7 шілде күндері Орталық саябақта өтетін фестивальде Қазақстан, Ресей, Польша, Эстония және басқа да елдердің театрландырылған көше қойылымдары ұсынылады.
«Театрлы Еуразия» фестиваліне «АспектР», «СоЛу», «Черный квадрат», «Мимикрия», «Vokrug», «Королевский жираф» театрлары, Астана қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театры», Мұрат Мұтырғанов театры және басқа да ұжымдар қатысады.
«Театралдық Еуразия» фестивалі шығармашылық алмасудың зор әлеуетіне ие. Ол зерттелетін салалардың барлық өкілдерімен театр көрермендерінің пікірталастарын, шеберлік сабақтарын және шығармашылық кездесулерін өткізуді көздейді, кәсіпқойлармен қарым-қатынас жасау және мәдени қоғамдастықты біріктіру форумның басым мақсаты болып саналады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -