Астанадан бір түнде 54 мың текше метр қар шығарылды
Елордада екінші күн қатарынан қар жауып тұр. Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде, қар тазалау жұмысы тәулік бойы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
30 қаңтарда күндізгі ауысымға қар тазалау жұмысына 2 642 жол жұмысшысы және 1 800-ден астам арнайы техника шықты.
30 қаңтарға қараған түні елордадан қар полигондарына 50 мың текше метрге жуық қар 4 077 рейспен шығарылды.
Қыс мезгілінің басынан бастап қаладан 341 831 ауыр жүк рейсімен 4,4 млн текше метрге жуық қар шығарылды.
Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.
Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.
Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.
Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -