Астананың бес ауданында Республика күніне арналған концерттік бағдарламалар өтеді
Астананың бес ауданында 25 қазан күні сағат 14:00-ден 15:30-ға дейін Республика күніне арналған мерекелік концерттер өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Сонымен, концерттік бағдарламалар мына орындарда өтеді:
- Алматы ауданы – «Интернациональный» тұрғын алабы;- Байқоңыр ауданы – «Өндіріс» тұрғын алабы;- Есіл Ауданы – «Бәйтерек» монументі;- Нұра ауданы – орталық саябақ;- Сарыарқа ауданы – қалалық алаң.
Бұл орындарда елорда тұрғындары мен қонақтары үшін түрлі мәдени және спорттық іс-шаралар қойылады. Концерттік бағдарламаларға шығармашылық ұжымдар, Мәдениет басқармасының ведомстволық бағынысты мекемелерінің солистері және белгілі өнер қайраткерлері қатысады.
Естеріңізге сала кетейік, Республика күніне орай Астанада 100-ден астам мәдени-бұқаралық, білім беру, спорттық және әлеуметтік іс-шаралар, оның ішінде мерекелік концерттер, көрмелер, дөңгелек үстелдер, ұлттық спорт түрлері бойынша турнирлер және т.б. өткізу жоспарланған.
Іс-шаралар орталық алаңдарда да, ірі нысандарында да, тұрғын алаптардың аумақтарында да, білім беру ұйымдарында және т.б. өтеді. Сондай-ақ Республика күні қарсаңында халықтың әлеуметтік осал топтарына 1 мыңнан астам азық-түлік себеті таратылатын болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -