ҚАТЕРЛІ ІСІК ҮКІМ ЕМЕС: УАҚЫТЫНДА СКРИНИНГТЕН ӨТУ МАҢЫЗДЫ
Қазақстанда онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (ТМККК) кіреді. Осылайша, барлық онкологиялық пациенттер – Қазақстан азаматтары МӘМС мәртебесіне қарамастан онкологиялық ауруларды тегін емдеуге құқылы. Онкологиялық пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, диагностикалау және емдеу мемлекет тарапынан төленеді. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде пациентке ештеңе төлеудің қажеті жоқ. Егер пациент онкологиялық және гематологиялық ауруға күдіктенсе, МСАК-та (емханаларда) пациенттерге 18 жұмыс күні ішінде консультация алуға және тексеруден өтуге мүмкіндік беретін «жасыл дәліз» бағыты енгізілді. Қазіргі уақытта Қазақстан халқы үшін онкологиялық скринингтің 3 түрі бар: 1) сүт безі обырына скрининг (40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер, 2 жылда 1 рет)2) жатыр мойны обырына скрининг (30 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер, 4 жылда 1 рет) 3) колоректалдық обырға скрининг (50 жастан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер, 2 жылда 1 рет). Онкологтар қазақстандықтарды емханаларда үнемі тегін онкологиялық скринингтерден өтуге шақырады.
Егер онкологиялық ауруға күдік болса, дереу тұрғылықты жері бойынша өз емханасына, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша онкологиялық орталыққа (онкодиспансерге) жүгіну қажет.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -