Иран ЕАЭО-тың төртінші байқаушысы: Астана қаласы, 31 Қаңтар 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Иран ЕАЭО-тың төртінші байқаушысы

Иран ЕАЭО-тың төртінші байқаушысы

Иран ЕАЭО-тың төртінші байқаушысы

Бұл шешім Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері басшыларының Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында қабылданды.

Иранның байқаушы мемлекет мәртебесін алу туралы өтініші өткен жылдың мамыр айында ұсынылған болатын.

Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО-дағы байқаушы мемлекет мәртебесі туралы Ережеге сәйкес, ЕАЭО мен Иран арасындағы ынтымақтастықтың экономикалық мақсатына

талдау жүргізіп, сондай-ақ Одаққа мүше мемлекеттердің өкілдері мен мүдделі тараптың қатысуымен консультациялар өткізді.

Айта кету керек, Иранның сыртқы саудасында ЕАЭО маңызды орын алады. 2023 жылы Иран экспортының 10,1%-ы ЕАЭО үлесіне тиесілі болды.

Қытай (30,4%) және Түркиядан (14,5%) кейінгі үшінші ірі сауда серіктесі болып табылады.

ЕАЭО туралы Келісімге сәйкес, байқаушы мемлекет Одақ органдарының отырыстарына шақыру бойынша қатысуға және ЕАЭО аясында әзірленетін (құпия құжаттардан басқа) құжаттармен танысуға құқылы.

Иранға байқаушы мемлекет мәртебесін беру – ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен Иран Ислам Республикасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту және экономикалық байланыстарды дамыту жолындағы маңызды қадам.

Еске сала кетейік, 2018 жылы ЕАЭО мен Иран арасында еркін сауда аймағын құруға бағытталған уақытша келісімге қол қойылған болатын.

2023 жылғы 25 желтоқсанда ЕАЭО елдері мен Иран тауарлардың 90%-ын қамтып, өзара сауданың 95%-дан астамын қамтитын, кедендік баж салығынсыз сауда жасауға мүмкіндік беретін толық форматты Еркін сауда туралы келісімге қол қойды.

Ақпарат көзі: Министерство торговли и интеграции Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Бұл шешім Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері басшыларының Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында қабылданды.

Иранның байқаушы мемлекет мәртебесін алу туралы өтініші өткен жылдың мамыр айында ұсынылған болатын.

Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО-дағы байқаушы мемлекет мәртебесі туралы Ережеге сәйкес, ЕАЭО мен Иран арасындағы ынтымақтастықтың экономикалық мақсатына

талдау жүргізіп, сондай-ақ Одаққа мүше мемлекеттердің өкілдері мен мүдделі тараптың қатысуымен консультациялар өткізді.

Айта кету керек, Иранның сыртқы саудасында ЕАЭО маңызды орын алады. 2023 жылы Иран экспортының 10,1%-ы ЕАЭО үлесіне тиесілі болды.

Қытай (30,4%) және Түркиядан (14,5%) кейінгі үшінші ірі сауда серіктесі болып табылады.

ЕАЭО туралы Келісімге сәйкес, байқаушы мемлекет Одақ органдарының отырыстарына шақыру бойынша қатысуға және ЕАЭО аясында әзірленетін (құпия құжаттардан басқа) құжаттармен танысуға құқылы.

Иранға байқаушы мемлекет мәртебесін беру – ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен Иран Ислам Республикасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту және экономикалық байланыстарды дамыту жолындағы маңызды қадам.

Еске сала кетейік, 2018 жылы ЕАЭО мен Иран арасында еркін сауда аймағын құруға бағытталған уақытша келісімге қол қойылған болатын.

2023 жылғы 25 желтоқсанда ЕАЭО елдері мен Иран тауарлардың 90%-ын қамтып, өзара сауданың 95%-дан астамын қамтитын, кедендік баж салығынсыз сауда жасауға мүмкіндік беретін толық форматты Еркін сауда туралы келісімге қол қойды.

Аймақтағы жаңалықтар