Атырау қаласында Теңіз кен орнындағы жергілікті қамтуды дамыту мәселесі талқыланды
11 қазанда Атырауда мұнай-газ секторындағы отандық тауарлардың үлесін арттыруға арналған «KazService» және «Теңізшевройл» ЖШС ұйымдастырған семинары өтті. Іс-шараға энергетика вице-министрі Қ.Арымбек қатысты.
Іс-шараға Атырау облысының әкімі С.Шапкенов, «Теңізшевройл» ЖШС, «Атамекен» ҰКП басшылығы, сондай-ақ 50-ден астам отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды (қызметтерді) жеткізушілердің өкілдері қатысты.
Семинар жергілікті қамтуды дамытуға және отандық мұнай-газ жабдықтарын өндірушілерді, сондай-ақ ТШО тарапынан сатып алынатын тауарларды және өнімдердің сапасына қойылатын талаптарды көрсету арқылы жұмыстарды (қызметтерді) жеткізушілерді қолдауға бағытталған.
Вице-министр Қ. Арымбек Энергетика министрлігінің және ТШО елішілік құндылықты дамыту бойынша жүргізіп жатқан жұмысы, оның ішінде қазақстандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) жеткізушілерді Теңіз жобасын сатып алуға тарту бөлігінде тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі елішілік құндылықты дамыту Бағдарламасын және тауарларды сатып алудың тендерлік рәсімдерін қайта қарау арқылы атқарылып жатқан жұмысы туралы баяндама жасады. Бағдарлама нақты көрсеткіштерді бекітуге және отандық мұнай-газ жабдықтарын өндірушілердің қолжетімділігін жеңілдетуге бағытталған.
Бұл іс-шара мұнай-газ секторының ірі жер қойнауын пайдаланушыларын сатып алудағы қазақстандық қамтуды ұлғайту және отандық тауар өндірушілерді, сондай-ақ жұмыстарды (қызметтерді) жеткізушілерді қолдау жөніндегі Үкімет жұмысындағы кезекті қадам болды.
Энергетика министрлігінің бұл бағыттағы жұмысы жалғастырылатын болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -