МИНИСТРЛІК ПЕН ХУБЭЙ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Хубэй провинциясы (ҚХР) кәсіпорындарының халықаралық ынтымақтастық қауымдастығы өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында тараптар ғылыми және білім беру салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Министр ведомствоның Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді Орталық Азияның білім беру және ғылыми-зерттеу орталығына айналдыру туралы тапсырмасын белсенді іске асырып жатқанын атап өтті.
Бүгінде Қазақстанда 34 шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары мен өкілдіктерін ашу туралы уағдаластықтарға қол жеткізілген. Шетелдік университеттердің филиалдарын ашу елдегі білім беру сапасын жақсартуға бағытталған. Олар озық тәжірибе, заманауи әдістемелер мен оқытудың халықаралық стандарттарын енгізіп, Қазақстанның білім беру жүйесін жаңғыртуға ықпал етеді.
Сонымен қатар шетелдік университеттердің филиалдары түрлі елдерден студенттерді тартуға да ықпал ететін болады. Шетелдік серіктестермен ынтымақтастық аясында Министрлік өңірлік мемлекеттік жоғары оқу орындарын халықаралық зерттеу университеттеріне айналдыруды көздеп отыр.
Министр Қазақстанда табысты жұмыс істеп жатқан Қытай жоғары оқу орындарының филиалдарын атап өтті. Олар: Пекин Тіл және мәдениет университеті, Солтүстік-Батыс политехникалық университеті, сондай-ақ Лу Бан шеберханалары.
Сондай-ақ заманауи академиялық инфрақұрылым құру мақсатында оқу ғимараттарын, зертханалар мен студенттік жатақханаларды салу және жаңарту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Хубэй провинциясы кәсіпорындарының халықаралық ынтымақтастық қауымдастығының атқарушы президенті және Бас хатшысы Лисия Хуан кездесуге ризашылығын білдірді. Ол ғылым, білім және ауыл шаруашылығы сияқты салаларды қоса алғанда, ынтымақтастықтың үлкен перспективаларын көретінін атап өтті. Сонымен қатар ол инфрақұрылымды дамытумен қатар, Қазақстанда оқу орындарының кампустары мен филиалдарын ашу мүмкіндіктері туралы есту ерекше жағымды екенін атап өтті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -