Атырау қаласындағы өрт туралы ақпарат
2024 жылғы 27 қазанда сағат 18:37-де Атырау облысы ТЖД «101» пультіне Атырау қаласының «Байзаар» СОО «Балалар әлемінің» екінші қабатында түтін шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
Бірінші күштер мен құралдар келген бойда, «Байзаар» СОО екінші қабатында
орналасқан «
Балалар әлемінің» қоймасында және және ғимараттың шатырын жануы анықталған.ТЖД күшімен 85 адам, оның ішінде 45 бала эвакуацияланды. Өрт болған жерде жедел штаб өртті сөндірудің 4 учаскесін ұйымдастырумен орналастырылды.
Өртті жоюға ТЖД, ПД, Апаттар медицинасы орталығы, жедел медициналық жәрдем бригадасы, коммуналдық қызметтердің 157 адам жеке құрамы және 40 бірлік техника жұмылдырылды.
Өрт 21 сағат 53 минутта оқшауланып, 22 сағат 50 минутта жойылды. Өрттің жалпы ауданы 1000 шаршы метрді құрады.
Өрттің алдын ала себебі – электр қалқанындағы электр сымдарының қысқа тұйықталуы.
ТЖД Апаттар медицинасы орталығының бригадасы 1992 ж.т. әйелге медициналық көмек көрсетті, ол жедел медициналық жәрдем қызметіне жіберілді.
ТЖД психологиялық қызметі эвакуацияланған адамдар мен кәсіпкерлерге психологиялық көмек көрсетті.
Зардап шеккендер жоқ.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -