Бір күнде Астанадан жүк көліктерімен 1600-ден астам рейс қар шығарылды
Қар тазалығы бойынша коммуналдық қызметтер тәулік бойы екі ауысымда жұмыс істейді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
20 қараша күні түстен кейін қар тазалау жұмыстарына 800-ден астам арнайы техника, сондай-ақ 300-ден астам жол жұмысшысы тартылды.
20 қараша күні қар полигондарына 1648 рейс, 22 мың текше метрден астам қар шығарылды.
Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 44 мыңнан астам рейс, 525 мың текше метр қар шығарылды.
Ережеге сәйкес, ең алдымен, қалада кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс учаскелері тазаланады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б. орындар қардан тазартылады.
Орталық көшелерде, жолаушылар көлігі маршруттарында, аялдамалар мен тротуарларда тазалау басымдыққа ие.
Елордада бірнеше жабдықталған қар полигоны жұмыс істейді. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, онда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарлардан бас тартуды сұрайды.
Төтенше жағдай туындаған кезде "112" телефонына хабарласыңыз.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -