Атырау қаласындағы Теплый арнасында балықтың өліміне қатысты
Әлеуметтік желілердің мониторингі барысында 29 шілдеде Атырау қаласындағы Теплый арнасында балықтың өлімі туралы ақпарат анықталды.
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының қауіп-қатері және (немесе) өлімі анықталған кездегі өзара іс-қимыл схемасына сәйкес, ҚР АШМ БШ Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы барлық мүдделі мемлекеттік органдарды хабардар етті.
Осы ақпаратты тексеру үшін балық өлімінің болжамды орнына комиссия жіберілді, оның құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері кірді. Балықтың өлімі туралы ақпарат расталды.
Теплый арнасы Атырау ЖЭО-на тиесілі, арнадағы судың температурасы 39, 5 градус, оттегінің мөлшері 6 мл/дм3. Су жылу электр орталығының қазандықтары салқындағаннан кейін арнаға түседі және шабындық жерлерді суару үшін қолданылады.
Анықтау барысында көктемгі су тасқыны салдарынан Жайық өзені жағадан шығып, өзен суы төгілу арқылы Соколок арнасына түскені анықталды. Сондай-ақ, су тасқыны кезінде Соколок арнасымен бірге балықтар төгіліп Теплый арнасына түскен.
Балықтардың өлімінің болжамды себебі Теплый арнасынадағы су температурасының жоғарылауынан суда оттегінің болмауы.
Өлген балықтың жалпы салмағы-28,5 кг. Атырау облысы бойынша экология департаменті зертханалық зерттеулер үшін су сынамаларын алды.
Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, санитарлық нормаларды сақтай отырып, өлген балықты жинау жұмыстары жүргізілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -