Атырау облысындағы су тасқыны жағдайы
Су басу қаупінің алдын алу мақсатында, Индер ауданда 30 710 метр қашықтықта жаға бекіту жұмыстары жүргізіліп, 552 300 дана қапшық төселді.
13 мамырда Жайық өзенінің су деңгейінің көтерілуіне байланысты, республикалық маңызы бар А-28 «Атырау-Орал» тас жолының Индербор кентіне бағытталған 7 шақырым кірме жолдың бетіне су шығып кеткен болатын. Қазіргі уақытта барлық автокөлік түрлері үшін тасжол жабылып, жүруге тыйым салынды.
Индер ауданы Елтай, Көктоғай, Есбол, Өрлік ауылдық округтерінен аудан орталығына қатынайтын тас жолды су басып кетуіне байланысты, құтқарушылар аудан тұрғындарын қайық арқылы тасымалдауда. Қазіргі уақытта кезекшілік ұйымдастырылып, тұрғындарды тасымалдау тәулік бойы жүзеге асырылатын болады.
Сонымен қатар, 12 мамырда Индер ауданында тұрғызылған бөгеттің астыңғы бөлігінде қалған ескі құбырдан су кетуіне байланысты, тұрғын үйлерді су басу қаупінің алдын алу мақсатында ЖАО, ТЖД, ПД, ҚМ әскери қызметшілердің, еріктілердің және ауыл тұрғындардың күштерімен қосымша жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді және аталған аумақ қаптармен қоршалды.
Қазіргі уақытта ескі құбырдан шығып жатырған су деңгейі бәсеңдеді. Аталған аумақта арнайы мотопомпалар арқылы су сору жұмыстары жүргізілуде. 12 мамырдан бастап 200 мыңға жуық текше метр су сорылды.
Индер ауданында жалпы есеппен 547 адам, 40 бірлік техника, 11 бірлік жүзу құралы, 59 бірлік су сору құрылғылары жұмыс жасауда.
Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -