Атырау облысының Жылыой ауданында ашық есік күні өткізілді
Жылыой ауданында №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде ашық есік күні өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін дамыту, жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу.
Аудандық ТЖБ, №2 МӨСБ қызметкерлері «КазтрансОйл» АҚ «Құлсары мұнай құбыры» басқармасы қызметкерлерінің балаларына өрт сөндіру техникаларын, авариялық-құтқару жабдықтарын көрсетті.
Дәстүрлі түрде, бүлдіршіндерге өрт сөндіру бөлімінің тарихы туралы қысқаша баяндалды. Кейін, бөлімшелерді аралау кезінде іс-шараға қатысушылар өрт сөндірушілердің күнделікті өмірімен таныс болды.
Балалар қауіпсіздік талаптарын меңгеріп, өрт сөндіру көлігіне қанша су сиятынын және өрт кезінде бұл қордың неше уақытқа жететінін қызығушылықпен тыңдады. Барлығы өрт сөндіру көліктеріне отырып, суретке түсті. Сонымен қатар, өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімінің ерекшеліктері туралы көріп білді, құтқарушылар оны қалай дұрыс және тез кию керектігін көрсетті.
Атырау облысы ТЖД
қоғаммен байланыс тобы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -