Атырауда дәстүрлі «Atyrau Oil and Gas» және «Atyrau Build» көрмелері басталды
Солтүстік-Каспий аймақтық көрмеге еліміздің және Австрия, Германия, Италия, Қытай, Нидерланды, БАӘ, Пәкістан, Ресей, Сингапурдан 97 компанияның өнімдері қойылды. Мекемелердің 61%-і тауарын алғаш рет ұсынып отыр.
Аймақта мұнай-газ және құрылыс саласындағы көрме осымен 22-рет ұйымдастырылып отыр. Оған облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов қатысты.
Бұл — салалардағы ұлттық міндеттерді жүзеге асыратын негізгі алаң. Халықаралық әріптестікті нығайтып, қатысушыларға жаңа технологияларды енгізуде және капитал тартуда тиімді платформалар ұсынылады.
Көрмеде мұнай-газ өндіруші компаниялар, мұнай-газ жабдықтарын өндірушілер, жеке және өнеркәсіптік қорғау құралдарын өндірушілер, бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика өндірушілері мен IT компаниялар өнімдерін ұсынады.
Солтүстік Каспий аймақтық «Atyrau Oil and Gas» және «Atyrau Build» құрылыс және интерьер көрмесі үш күнге жалғасады. Шара қаладағы Әбілхайыр хан даңғылы 79 мекенжайында өтіп жатыр.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -