Таза Қазақстан: Балалар үйінің ауласына 200 тал жеміс ағашы отырғызылды
Атырау қалалық Жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған«Jana jastar» волонтерлік ұйымының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Бұл — менің ағашым» акциясы өткізілді,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Акция барысында студенттер, оқушылар және белсенді жастардың қатысуымен«Шаңырақ» балалар үйінің ауласына 200 жеміс ағашы отырғызылды. Олардың қатарында шие, алма, алмұрт ағаштары бар.
- Бүгінгі шараның басты мақсаты — балалар үйінің ауласына жеміс ағаштарын егіп, өскелең ұрпаққа табиғатқа деген қамқорлық пен жауапкершілікті үйрету және ағаштарды күтіп-баптау арқылы еңбекке деген қызығушылықтарын ояту. Осы орайда наурыз айында алғашқы 100 ағашты отырғызсақ, бүгін, міне, қалғандары егілді. Осындай игі жұмыстар әлі де жалғасын табады,- деді Атырау қалалық Жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Еркебұлан Мутигуллин.
Айта кетейік, егілген ағаштарды әрі қарай күтіп-баптау "Шаңырақ" балалар үйі тәрбиеленушілерінің жауапкершілігінде болмақ.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -