«Қауіпсіз сауда» республикалық акциясының қорытындысы
Еліміздің сауда-ойын-сауық орталықтарында, сауда үйлері мен базарларында өрттерді болдырмау мақсатында 2024 жылғы 22-28 шілде аралығында «Қауіпсіз сауда» кең ауқымды республикалық акциясы өткізілді.
Акцияға «Атамекен» ҰКП, волонтерлік ұйымдар, блогерлер және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Акция аясында ірі нысандарда 185 өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.
Меншік иелерімен және жалға алушылармен 2,5 мыңнан астам түсіндіру кездесу ұйымдастырылды, 9,5 мыңнан астам ұсыным берілді, еліміздің барлық өңірлерінде брифингтер өткізілді.
ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -