AUEZOB UNIVERSITY ҒАЛЫМЫНЫҢ ШӨГІНДІ СУЛАРДЫ КӘДЕГЕ ЖАРАТАТЫН ЖОБАСЫ «ЖАС ҒАЛЫМ» ГРАНТЫН ҰТЫП АЛДЫ
Әлемде, елімізде болсын ғалымдардың бастамасымен қатты қалдықтарды өңдеп, кәдеге жарату бойынша түрлі жобалар іске асып келеді. Ал М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ғалымы, PhD Тлеукеева Әсел Ержанқызы құрамында фосфоры бар шөгінді суларды кәдеге жаратумен айналысатын инновациялық жаңа жобаны қолға алды. Ғалымның жобасы ҚР ғылым және жоғары білім минстрлігінің «Жас ғалым» байқауында грант ұтып алды.
Жобаны іске асыру барысында Қазақстанның оңтүстігіндегі өзендер зерттеліп, құрамында фосфоры бар қалдықтарды кәдеге жарату үшін перспективалы жасыл микробалдырлардың оңтайлы штамдары бөлініп алынбақ.
Ғалым қазір өңірдегі ірі кәсіпорындарда зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жас ғалымның зерттеуімен фосфоры бар шөгінді сулардан алынған биологиялық тыңайтқыштар сортаңға айналған аймақтардағы топырақтың құнарлылығын арттырып, шаруаларға пайдасын тигізетініне сенімдіміз.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -