Қазақстан Ауғанстанның Сенімді өкілін аккредиттеді
Астана, 2024 жылғы 21 тамыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Ауғанстан дипломатиялық өкілдігінің басшысы Мохаммад Ур Рехман Рахманиді қабылдады.
Кездесу барысында Ә.Бақаев Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту бойыша екі мемлекет үшін маңызды мақсатты басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы М.Рахманиді Ауғанстанның ҚР-дағы Сенімді өкілі ретінде аккредиттегенін мәлімдеді.
Ауғанстанның аймақтық қатынастарға белсенді араласуы ел экономикасын қалпына келтіруге, ауған халқының жағдайын жақсарту арқылы әлеуметтік тұрақтылықты, сондай-ақ аймақта бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға қосымша жағдай жасайды.
Қазақстан Ауғанстанға көмек көрсету және күрделі гуманитарлық мәселелерді шешу үшін халықаралық күш-жігерді біріктіруді жақтайды. Осы мақсатта Қазақстан Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан елдері үшін тұрақты даму мақсаттары бойынша БҰҰ-ның Өңірлік орталығын құруды ұсынды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -