Қазақстан БҰҰ аясында Ауғанстан бойынша өкілдердің 3-ші кездесуіне қатысты
Доха, 2024 жылғы 30 маусым - 2 шілде – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев бастаған Қазақстан делегациясы БҰҰ ұйымдастырған Ауғанстан бойынша арнайы өкілдердің үшінші кездесуіне қатысты.
Ә. Бақаев өз баяндамасында Қазақстанның Ауғанстандағы гуманитарлық және экономикалық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған бастамаларын айтты, сондай-ақ іс-шараға қатысушыларды біздің ел қабылдаған практикалық шаралар туралы хабардар етті.
Форум алаңында сондай-ақ Ә. Бақаев пен БҰҰ Бас хатшысының саяси және бейбітшілік істері жөніндегі орынбасары Розмари Дикарломен, ЕО-ның арнайы өкілі Томас Никлассонмен, UNAMA басшысы Роза Отунбаевамен және АҚШ, Ауғанстан, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан және Түрікменстан делегацияларының басшыларымен кездесті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -