Қазақстан Елшісі Иран Президентінің міндетін атқарушыға сенім грамоталарын тапсырды
Тегеран, 2024 жылғы 1 шілде – Қазақстанның Тегерандағы Елшісі Оңталап Оңалбаев Иран Ислам Республикасы Президентінің міндетін атқарушы Мохаммад Мохберге Сенім грамоталарын табыс етті.
Кездесу барысында Елші О.Оңалбаев ИИР Президентінің міндетін атқарушы М.Мохберді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы ақпараттандырды. Сонымен қатар, екіжақты сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени ынтымақтастықты одан әрі жандандыру қажеттігін атап өтті.
Сұхбат барысында ИИР Президентінің міндетін атқарушы М.Мохбер достас Қазақстанмен көпқырлы ынтымақтастықты дамыту Иранның сыртқы саяси басымдығының бірі екенін мәлімдеді. Тегеран Астанамен достық және тату көршілік байланыстарды одан әрі нығайту мен кеңейтуге ерекше назар аударатынын жеткізді.
Кездесу соңында М.Мохбер Қазақстан Елшісінің Ирандағы дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтап, екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайту және кеңейту бағытында жан-жақты қолдау және қолғабыс көрсетуге дайын екенін айтты.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -