Қазақстан Елшісі Словакия Президентіне сенім грамоталарын табыстады
Братислава, 2025 жылғы 28 қаңтар – Президент сарайында Қазақстан Республикасының Елшісі Жанна Сағынованың Словак Республикасының Президенті Петер Пеллегриниге сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.
Салтанатты рәсім аясында өткен екіжақты кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынастардың достық сипатын айтып, саяси диалогты, сондай-ақ сауда-экономикалық ынтымақтастықты және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған дәйекті бағытты сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу соңында П.Пеллегрини Елшіге дипломатиялық миссиясында табыстар тілеп, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы тілектерін жолдады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -