«Қазақстан халқына» Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендер үшін 80 үй салуға ықпал етеді
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры мен Ақтөбе облысының әкімдігі Темір (Құмсай ауылы) және Ырғыз ауданындағы (Ырғыз ауылы) су тасқынынан зардап шеккендерге 80 тұрғын үй салу туралы меморандумға қол қойды.
Мәселен, 17 мамырдағы жағдай бойынша Қордың қолдауымен 5 облыс – Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола және Ақтөбе облыстарының ауылдарында 550-ге жуық тұрғын үй салынуда. «Қазақстан халқына» ҚҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, жаз мезгілінде үйлері стихиялық апаттан қираған отбасыларды қоныстандыруды қамтамасыз ету керектігін алға тартты.
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров үйлердің типтік жоба бойынша салынып жатқанын баса айтты. Құрылыс сапасына жобалаушы және техникалық қадағалау кепілдік береді.
Меморандум бірлескен тәсілдер, тараптардың жауапкершілігі мен қайырымдылық мақсатқа жету үшін функцияларды бөлуді анықтайды. Әріптестіктің міндетті шартына залалды бағалау, учаскелерді анықтау, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дайындау, оның ішінде түсіндіру жұмыстарын және жобаны зардап шеккен тұрғындармен келісуден бастап, жұмыстың барлық процедуралары мен кезеңдерінің ашықтығы мен жариялылығы енгізілген.
Құрылыстың барлық кезеңдерінде мониторинг және бақылау жүргізу үшін облыс әкімдігінің жұмыс тобының құрамында жергілікті атқарушы органдардың, тәуелсіз сараптамалық (бағалау) құрылымдардың өкілдерімен қатар қоғамдық ұйымдардың өкілдері болады.
Жанашыр қазақстандықтардың, шетел азаматтарының, ұйымдардың, отандық және шетелдік компаниялардың қызметкерлерінің арқасында 1 сәуір мен 17 мамыр аралығында қор шоттарына 6,376 млрд теңге жиналды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -