Қазақстан мен Армения СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы
Астана, 2024 жылғы 24 тамыз –
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Армения Республикасының Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянмен телефон арқылы сөйлесті.
Сұхбат барысында министрлер екіжақты ынтымақтастықты дамытудың ағымдағы мәселелерін, сондай-ақ көпжақты құрылымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды талқылады.
Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қаралды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -