Қазақстан мен Аустрия шарттық-құқықтық базаны кеңейту бойынша келіссөздер жүргізуде
Астана, 2024 жылғы 20 қыркүйек – Қазақстан мен Аустрия сыртқы саяси ведомстволары арасында бейнеконференция режимінде консулдық консультациялар өтті. Консультациялар барысында екі елдің дипломатиялық паспорт иелерін визалық талаптардан босату және адамдардың реадмиссиясы туралы келісімдер жасау мәселелері талқыланды.
Келіссөздерге ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Бауыржан Ақатаев, Аустрия СІМ Консулдық қызметінің бас директоры Георг Штильфрид және екі елдің ішкі істер органдарының өкілдері қатысты.
Консультациялар нәтижесінде тараптар осы келісімдердің мәтіндерін келісу және оларға қол қою бойынша жұмысты жандандыруға келісті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -