Қазақстан мен Беларусь сыртқы саяси ведомстволары басшыларының кездесуі туралы
Астана, 2024 жылғы 5 шілде – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қазақстанға алғашқы жұмыс сапарымен келген жаңадан тағайындалған Беларусь Республикасының Сыртқы істер министрі Максим Рыженковпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы өзінің әріптесін тағайындалуымен, сондай-ақ ұлттық мерекесі – Беларусь Тәуелсіздігі күнімен және Беларусь Республикасының ШЫҰ мүшелігін алуымен құттықтады.
Тараптар Қазақстан мен Беларусь арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ аса жоғары және жоғары деңгейлердегі алдағы халықаралық іс-шаралар кестесін талқылады.
Сұхбат қорытындысы бойынша екіжақты ынтымақтастықтың барлық спектрдегі бағыттарының даму динамикасына жоғары баға берілді және сыртқы саяси ведомстволар деңгейінде тығыз өзара іс-қимылды жалғастыру ниеті расталды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -