Қазақстан мен Беларусьтің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы консультациялар туралы
Минск, 2024 жылғы 12 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев пен Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Игорь Назаруктың қатысуымен Қазақстан-Беларусь сімаралық консультациялары өтті.
Консультациялар барысында тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-белорус қатынастарының өзекті мәселелерін, екі елдің көпжақты алаңдардағы өзара іс-қимылын талқылады.
Алдағы түрлі деңгейдегі бірлескен іс-шараларды дайындау, өнеркәсіптік кооперация, сауда саласындағы ынтымақтастықты жандандыру, екі елдің транзиттік әлеуетін тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Консультациялар қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Беларусь Республикасының Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2025-2026 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспарына қол қойылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -