Қазақстан мен Халықаралық еңбек ұйымы еңбек стандарттары саласындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылады: Астана қаласы, 05 Қыркүйек 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Қазақстан мен Халықаралық еңбек ұйымы еңбек стандарттары саласындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылады

Астана, 2024 жылғы 5 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) Бас директоры Жильбер Унгбомен кездесті.

Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен ХЕҰ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап, еңбек заңнамасын жетілдіру, әлеуметтік қорғау мен лайықты еңбекті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Ж. Унгбо Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы туралы, оның ішінде Қазақстанда әділ қоғам құруға бағытталған адам құқықтарын қорғау саласындағы терең әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен кешенді шаралар туралы ақпаратты жоғары бағалады.

Осы орайда ХЕҰ басшысы теңсіздікке жол бермеу және әлемдік саясатта әлеуметтік әділеттілік мәселелерін алдыңғы қатарға шығару мақсатында Ұйым алға жылжытып отырған Әлеуметтік әділеттілік үшін жаһандық коалицияға Қазақстанның қосылуы үшін алғысын білдірді. Бұл тұрғыда Қазақстанда Коалицияның өңірлік және халықаралық іс-шараларын өткізу мүмкіндігі талқыланды.

Министр Қазақстанның ХЕҰ ратификацияланған конвенцияларына сәйкес міндеттемелерін орындауға және Ұйымның ұсынымдарына сәйкес ұлттық еңбек заңнаманы жетілдіруге бейілділігін растады. Бұған қоса Қазақстан Үкіметінің, кәсіподақ ұйымдарының және жұмыс берушілердің трипартизм мен әлеуметтік диалог негізінде өзара іс-қимылының маңыздылығы да ерекше аталып өтті.

Сұхбаттастар Қазақстан мен ХЕҰ арасындағы Лайықты еңбек бағдарламасы аясындағы ынтымақтастықты жаңғыртуға мүдделілік танытып, Ұйым қызметкерлері арасында қазақстандық азаматтардың өкілдігін арттыру перспективаларын талқылады.

Кездесу соңында тараптар еңбек стандарттары мен әлеуметтік әділеттілікті нығайту мақсатында ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға дайын екендігін растады.

ХЕҰ 1919 жылғы 11 сәуірде Ұлттар лигасы жанынан құрылған және еңбек қатынастарын реттеу мәселелері бойынша ең көне және өкілетті халықаралық ұйымдардың бірі. Ұйым 1946 жылы БҰҰ-ның алғашқы мамандандырылған мекемесі болып, штаб-пәтері Женевада орналасты.

Қазақстан ХЕҰ-ның 25 конвенциясын ратификациялады (8 фундаменталды, 4 директивалық, 13 техникалық), олар бойынша міндеттемелер ұлттық заңнамаға имплементацияланған.

Ақпарат көзі: Министерство иностранных дел Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар