Қазақстан мен Малайзия конституциялық сот төрелігі саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады: Астана қаласы, 20 Қыркүйек 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Қазақстан мен Малайзия конституциялық сот төрелігі саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

ҚР Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Азимова Малайзия Федералдық сотының төрағасы Тенгку Маймун Бинти Туан Матпен екіжақты кездесу өткізді.

Кездесу Бангкокта «Қоғамның тұрақты дамуы үшін конституциялық сот төрелігін нығайтудағы конституциялық соттар мен теңестірілген институттардың рөлі» тақырыбында өткен Азияның конституциялық соттары мен теңестірілген институттары қауымдастығының VI Конгресі аясында өтті. Кездесу барысында конституциялық бақылауды қамтамасыз ететін органдардың төрағалары конституциялық құқық және конституциялық бақылау саласындағы одан әрі ынтымақтастық және ақпарат пен зерттеулер алмасу туралы келісімге қол жеткізді. Кездесуге қатысушылар діни бостандыққа, теңдік пен кемсітпеушілікке, білімге және әлеуметтік кепілдіктерге байланысты адам құқықтарын қорғау мәселелерін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша екіжақты ынтымақтастық және сараптамалық әлеуетпен алмасу туралы келісімге қол жеткізілді.

Анықтама: Малайзияның Федералдық соты Малайзиядағы Жоғарғы Сот және соңғы апелляциялық сот болып табылады. Жоғарғы Сот 1948 жылы Малай Федерациясы туралы келісімге сәйкес құрылды. 1994 жылы Жоғарғы Сот Федералдық сот болып өзгертілді, ол жөнінде Федералдық Конституцияға 1994 жылы 24 маусымда түзету енгізілді. Сот бас судьядан, апелляциялық соттың президентінен, Малайядағы Жоғарғы Соттың Бас судьяларынан және Сабах пен Саравактағы Жоғарғы соттан және басқа 11 Федералдық соттың судьяларынан тұрады. Бас судья сонымен қатар Малайзиядағы сот жүйесінің басшысы болып табылады. Барлық судьяларды Малайзия Премьер-Министрінің ұсынысы бойынша Патша тағайындайды. Барлық судьялар 66 жас және 6 айда міндетті түрде отставкаға кетеді.

Телеграмм КС -

https://t.me/ConstitutionalCourt_KZ

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

ҚР Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Азимова Малайзия Федералдық сотының төрағасы Тенгку Маймун Бинти Туан Матпен екіжақты кездесу өткізді.

Кездесу Бангкокта «Қоғамның тұрақты дамуы үшін конституциялық сот төрелігін нығайтудағы конституциялық соттар мен теңестірілген институттардың рөлі» тақырыбында өткен Азияның конституциялық соттары мен теңестірілген институттары қауымдастығының VI Конгресі аясында өтті. Кездесу барысында конституциялық бақылауды қамтамасыз ететін органдардың төрағалары конституциялық құқық және конституциялық бақылау саласындағы одан әрі ынтымақтастық және ақпарат пен зерттеулер алмасу туралы келісімге қол жеткізді. Кездесуге қатысушылар діни бостандыққа, теңдік пен кемсітпеушілікке, білімге және әлеуметтік кепілдіктерге байланысты адам құқықтарын қорғау мәселелерін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша екіжақты ынтымақтастық және сараптамалық әлеуетпен алмасу туралы келісімге қол жеткізілді.

Анықтама: Малайзияның Федералдық соты Малайзиядағы Жоғарғы Сот және соңғы апелляциялық сот болып табылады. Жоғарғы Сот 1948 жылы Малай Федерациясы туралы келісімге сәйкес құрылды. 1994 жылы Жоғарғы Сот Федералдық сот болып өзгертілді, ол жөнінде Федералдық Конституцияға 1994 жылы 24 маусымда түзету енгізілді. Сот бас судьядан, апелляциялық соттың президентінен, Малайядағы Жоғарғы Соттың Бас судьяларынан және Сабах пен Саравактағы Жоғарғы соттан және басқа 11 Федералдық соттың судьяларынан тұрады. Бас судья сонымен қатар Малайзиядағы сот жүйесінің басшысы болып табылады. Барлық судьяларды Малайзия Премьер-Министрінің ұсынысы бойынша Патша тағайындайды. Барлық судьялар 66 жас және 6 айда міндетті түрде отставкаға кетеді.

Телеграмм КС -

https://t.me/ConstitutionalCourt_KZ

Аймақтағы жаңалықтар