Қазақстан мен Норвегия сыртқы істер министрліктері саяси консультациялар өткізді
Астана,
2024
жылғы
6 қыркүйек
–
Қазақстан
мен
Норвегия
сыртқы саяси ведомстволары арасындасаяси
консультациялардың төртінші отырысы
өтті.
Қазақстан Республикасы Сырты істер министрінің орынбасары Роман Василенко Норвегия делегациясын қабылдап, саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-норвег ынтымақтастығын ілгерілетудің маңызын атап өтіп, Астана мен Осло арасындағы өзара тиімді диалогты нығайтуға бейілділігін растады.
Консультациялар барысында қазақ пен норвег дипломаттары екіжақты және көпжақты ықпалдастықты нығайтудың жолдарын саралап, халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасты.
Сауда-экономикалық
ынтымақтастықты
жандандыру,
парламентаралық
диалогты
нығайту
және
халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-әрекеткеерекше
назар
аударылды.
Резиденциясы Ослода орналасқан Норвегияның Қазақстандағы Елшісі Джон Квистад екіжақты
байланыстардың
даму
қарқынын оң
баға
лап,Қазақстан
Норвегияның
Орталық
Азиядағы
маңызды
серіктесі
екеніне
сендірді. Оның пікірінше, Норвегия және Қазақстан көпжақты ынтымақтастық күн тәртібіндегі бірқатар мәселелер бойынша ұқсас көзқарасты ұстанады.
Кездесу
қорытындысы
бойыншатараптар
сыртқысаяси
мекемелер
арасындағы
тығыз
диалогты
жалғастыруға келісті.
Анықтама:
2023 жылы екіжақты тауар айналымы 124 млн АҚШ долларына жетті (экспорт – 2,9 млн, импорт – 121 млн).2005 бастап Норвегиядан тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі 1,6 млрд АҚШ долларын құрады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -