Қазақстан мен Әзірбайжан әділет министрліктері арасындағы құқықтық саладағы өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды
Түркі мемлекеттері ұйымының Әділет министрлері кеңесінің бірінші отырысы аясында ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев Әзербайжан Республикасының Әділет министрі Фарид Ахмедовпен екіжақты кездесуі өткізді.
Кездесу барысында екі ведомство арасындағы құқықтық саладағы ынтымақтастықтың негізгі мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ екі ел арасындағы өзара іс-қимылды нығайту және тәжірибе алмасу платформасы ретінде ТМҰ-ның маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар елдегі құқықтық институттардың дамуына ықпал ететін тәжірибе алмасуға және шарттық-құқықтық базаны кеңейтуге дайын екендіктерін білдірді.
Кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстан мен Әзірбайжан әділет министрліктері арасындағы құқықтық саладағы өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды.
Бұл құжат түрлі бағыттар бойынша одан әрі ынтымақтастықты жалғастыруға негіз болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -