Қазақстан қоғамында әйелдер рөлі
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында, Абай облысында дін істері басқармасының қолдауымен, бектілген жоспарға сәйкес, дін мәселелері бойынша республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және діни экстремизмнің алдын алу бағытында семинарлар мен әртүрлі форматтағы іс-шаралар өткізілді.
Іс-шараның мақсаты діндар тұрғындар арасында зайырлы қоғам мен дәстүрлі ислам құндылықтарын күшейту. Қазақстан қоғамында әйелдер рөлінің маңыздылығын, сондай-ақ жастар арасында рухани құндылықтарды арттыру керектігін түсіндірді.
Жоғарыда аталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары Абай облысының әйелдері арасында жұргізілді. Осы іс шарада өскелең ұрпақтың бойында адамгершілік тәрбиесінің рөлін, қазақстандық қоғамда отбасылық құндылықтарды тәрбиелеуге және нығайтуға әйелдердің рөлі зор екендігі атап өтілді.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының қорытындысына сәйкес 16 іс-шара өткізіліп, жиыны 290 адам қамтылды.
Материал Абай облысы бойынша ТҚК аппаратының
ақпараты негізінде дайындалды
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -