Қазақстан құрама командалары кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өтуден бірінші үштікте
Бүгін «Достық» Кубогына және «Алтын шабуыл сатысы» халықаралық жарыстарының екінші кезеңі кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өту түрі бойынша жалғасты. Екінші күннің қорытындысы бойынша ерлер мен әйелдер ұлттық құрама командалары Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясына есе жіберіп, үшінші орынды иеленді.
Қазақстанның спортшылары Даниил Пузиков 15,84 секунд және Тұрсын Айдана17,04 секунд үздік нәтижелер көрсетті.
19 мамырда жарыстар 4х100 метр өрт эстафетасы түрімен жалғастырылатын болады.
Естеріңізге сала кетейік, Даниил Пузиков 2019 жылы Ресей Федерациясының Саратов қаласында өткен ерлер арасындағы XV әлем чемпионатында ерлер арасында 100 метрлік жолақтан өтуден 15,35 секунд нәтижемен ҚР Ұлттық рекордын орнатты.
Айдана Тұрсын 2023 жылы Түркия Республикасының Стамбул қаласында өткен әйелдер арасындағы IX әлем чемпионатында -16,41 секунд нәтижемен рекорд орнатты.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -