Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жобаларын қарау жөніндегі ғылыми-техникалық кеңестің отырысы өтті: Астана қаласы, 22 Мамыр 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жобаларын қарау жөніндегі ғылыми-техникалық кеңестің отырысы өтті

2024 жылғы 22 мамырда ҚР Энергетика министрлігінде (бұдан әрі - Министрлік) ғылыми-техникалық кеңестің (бұдан әрі - ҒТК) кезекті отырысы өтті.

Министрліктің ҒТК құрамына мемлекеттік органдардың, ғылыми қауымдастықтың, ұлттық компаниялар мен университеттердің өкілдері кірді. ҒТК жұмыс органы болып "Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы" АҚ белгіленді.

Отырыста ҒТК төрағасы мен оның орынбасарларын таңдап, ғылыми зерттеулер үшін маңызды тақырыптардың тізімін белгіледі.

Қатысушылардың шешімімен Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ҒТК төрағасы ретінде сайланды, цифрландыру саласына жетекшілік ететін энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс төрағаның орынбасары болып бекітілді.

ҒТК қатысушылары саланың өзекті  міндеттерін ескере отырып, зерттеу үшін басым бағыттар тізімін жасады. Атап айтқанда, ғылыми зерттеулердің бағыттарын жасанды интеллект және цифрландыру технологияларын пайдалана отырып іске асыру ұсынылды. (тізімнің мазмұнымен осында  танысуға болады)

ҒТК қатысушылары әзірлеген тізбе шеңберінде мынадай бағыттар қамтылды:

Геологиялық-физикалық зерттеу әдістері; Кәсіптік жабдықтар; Сұйықтық динамикасы мен дайындығын реттеу; Кен орны мен ұңғыманы игеруді басқару; Мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясы; Атом және уран өндіру саласындағы зерттеулер, сирек металдар және сирек жер металдары; Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, радиациялық қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау және өндірістік операциялар; Электр желілерінің сенімділігін, басқарылуын және бақылануын арттыру, ысыраптарды азайту және олардың өткізу қабілетін арттыру үшін жаңа технологиялар мен жабдықтарды әзірлеу және енгізу. Жылу энергетикасы объектілерінің сенімділігін, басқарылуын және байқалуын арттыруға, шығындарды азайтуға, жылу желілерінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін инновациялық технологиялар мен жабдықтарды әзірлеу және енгізу; Атом-сутегі энергетикасын дамыту саласындағы ғылыми-техникалық әзірлемелер.

ҒТК жұмысы мәселелері бойынша 8 7172 57 45 64 телефоны арқылы хабарласуға болады, пошта s.sakhiyev@iacng.kz (жұмыс органының хатшысы Сахиев С. А.)

Ақпарат көзі: Министерство энергетики Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар

krmm.kz