Қазақстан Республикасының Президенті Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының үздік түлектеріне шенді табыс етті
Қалыптасқан дәстүр бойынша Астана қаласындағы «Атамекен» этно-мемориалдық кешені маңында Мемлекеттік туды көтеру салтанатты рәсімінде еліміздің әскери жоғары оқу орындарының үздік түлектері Мемлекет басшысының қолынан алғашқы офицерлік шенін алды.
Биыл Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының 2 түлегі Диас Еркенов және Ернар Жігербаев осы құрметке ие болды. Олар ТЖМ аумақтық бөлімшелерінде қызметтерін жалғастыратын болады.
Азаматтық қорғау қатардағы жауынгері Диас Ерденов 2003 жылғы 28 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында туған. Академияның ту тобының мүшесі, ҰОС батырларының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімдеріне бірнеше рет қатысты.
Бос уақытын өзінің жеке және кәсіби дамуына арнайды. «Мен шенді жоғарғы қолбасшының қолынан алғанымды мақтан тұтамын. Мен азаматтық қорғау академиясының офицерлері мен оқытушыларына олардан алған білімім мен тәжірибем үшін алғыс айтамын. Мен осындай үлгі тұтарлық мамандықтың иегері болғаныма өте қуаныштымын және Отанымыздың игілігі үшін құтқарушы ретінде қызмет етуге дайынмын», - деді Диас Ерденов.
Азаматтық қорғау қатардағы жауынгері Ернар Жігербаев 2002 жылғы 25 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысында туған. Ол да Академияның ту тобының мүшесі, ҰОС батырларының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімдеріне бірнеше рет қатысты. «Құтқарушы болу-менің балалық арманым. Менің құтқарушы мамандығына оқу деген арманым орындалды. Мен азаматтық қорғау органдарында қызметімді жалғастырамын. Президенттің қолынан погон алу менің арманымды жүзеге асыруға жаңа серпін берді. Мен әрқашан Қазақстан халқына және Президентіме адал қызмет етемін», - дейді жас офицер.
Сонымен қатар Төтенше жағдай лар министрі Шыңғыс Әрінов академияның 4 түлегі Илья Верникке, Темірлан Шәріпбаевқа, Әділхан Сабырға, Дәурен Қадырға лейтенанттық шен табыс етті.
Азаматтық қорғау органдары кадр ұстасының үздік түлектері қызмет барысында азаматтық қорғау органдарын дамытуға үлес қосады.
Академияда оқыған жылдары тәрбиеленушілер оқу бағдарламасының теориялық курсын меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар спорттың әр түрі бойынша академияның құрамында өнер көрсете білді, ғылыми-зерттеу қызметімен айналыса білді, ғылыми-практикалық конференцияларда сөз сөйледі.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -