Қазақстан СІМ-де АҚШ-тың Ауғанстандағы дипломатиялық миссиясының басшысын қабылдады
Астана, 2024 жылғы 3 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев АҚШ-тың Ауғанстандағы дипломатиялық миссиясының басшысы Карен Декерді, АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Дэниел Розенблюмді және АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігінің (USAID) өкілдерін қабылдады.
Кездесу барысында тараптар өңірлік қауіпсіздік мәселесіне тоқталып, Ауғанстанның экономикасын қалпына келтіру және ауған халқының жағдайын жақсарту арқылы әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға бағытталған шараларды талқылады.
Өз кезегінде Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетудің маңыздылығын айта келе, Ә. Бақаев Қазақстан Үкіметінің тұрақты түрде Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетіп, ауған студенттерін оқытып және халықаралық ұйымдармен бірге түрлі жобаларды іске асырып жатқандығын хабарлады.
Қазақ дипломаты практикалық ынтымақтастықты дамыту шеңберінде Ауғанстанмен сауда-экономикалық, энергетикалық және көлік-логистикалық байланыстарды нығайтуға ниетті екенін жеткізді.
АҚШ тарапы ауған халқын ұдайы қолдап отырғаны үшін Қазақстанға ризашылығын білдіріп, Астананың Қабылмен экономикалық ынтымақтастықты дамыту бойынша ұмытылысын оң қабылдады. Сондай-ақ америкалық дипломаттар Ауғанстанмен өзара іс-қимыл жасаудың практикалық тетіктерін дамытудың қажеттілігімен келісті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -