Қазақстан СІМ-де Эстониямен екіжақты және көпжақты ынтымақтастығы мәселелері талқыланды
Астана, 2024 жылғы 12 қыркүйек –
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Эстонияның Қазақстандағы жаңадан тағайындалған Елшісі Яап Ораны қабылдады.
Тараптар халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, екіжақты ынтымақтастықтың және БҰҰ шеңберіндегі өзара іс-қимылдың бірқатар сұрақтарын талқылады.
Кездесудің қорытындысы бойынша дипломаттар екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайындықтарын растады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -