Қазақстан СІМ-де Иранмен БҰҰ шеңберіндегі өзара іс-қимылы талқыланды
Астана, 2024 жылғы 5 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Елшісі Әли Ақбар Жоукарды қабылдады.
Сұхбат барысында дипломаттар көпжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері бойынша пікір алмасып, БҰҰ жүйесінің ұйымдары шеңберінде өзара іс-қимылда ерекше тоқтады.
Кездесу соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін растады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -