Қазақстан СІМ-де көліктік-логистикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астана, 2024 жылғы 18 маусым – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бірқатар шетелдік компаниялардың өкілдерімен, оның ішінде «Nurminen Logistics Plc» фин компаниясының басшылығымен кездесулер өткізді.
Келіссөздер барысында тараптар Қазақстанның көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелерін, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік маршрутының тиімділігін арттыру мақсатында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру перспективалары мен мүмкіндіктерін талқылады.
Фин компаниясы – әр түрлі теміржол қызметтерін, жүктерді тасымалдауға және өңдеуге көмек көрсететін логистика саласындағы ірі операторлардың бірі. Компанияның негізгі нарықтар қатарына Финляндия, Балтық және ТМД елдері кіреді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -