Қазақстан СІМ Қырғызстаннан қаза тапқан отандастарымыздың денелерін жеткізуге жәрдем көрсетеді
Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігі жедел штабының ақпаратына сәйкес, сел тасқыны салдарынан бұрын жоғалып кеткен тағы 2 бала - Қазақстан азаматының денесі табылған.
Қазіргі уақытта жергілікті биліктің көмегімен жеделдетілген режимде құжаттар ресімделіп, қажетті рәсімдер жүргізілуде.
Қазақстандық дипломаттар қаза тапқандардың туыстарына барынша көмек көрсетіп жатыр.
Жақын арада Қазақстан Төтенше жайдайлар министрлігінің ұшағымен қаза тапқан барлық 4 баланың денесі елге жеткізілетін болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -