Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Түркістан облысында болды
Түркістан, 2024 жылғы 12 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Түркістан облысына жұмыс сапарымен барып, облыс әкімі Дархан Сатыбалдымен кездесті, сондай-ақ бірнеше өндірістік нысандарды аралап, бірқатар өзекті инвестициялық мәселелерді талқылады.
Осылайша, Ә.Қуантыров құны 14,1 млрд теңге болатын «BNK Group LTD» ЖШС жаңбырлату жабдықтарын өндіру зауытының қызметімен танысты. Құрылыстың бірінші кезеңін аяқтай отырып, зауыт аймақтағы ауылшаруашылық машиналарын одан әрі дамытудың жоғары әлеуетін көрсетеді. Ағымдағы жылдың мамыр айында компания металды мырыштау бойынша цех салу жобасын сәтті жүзеге асырды. Зауыт басшылығымен кездесу барысында инвестор жемшөп дақылдарын одан әрі өсіре отырып, жер учаскелерін суару жүйесін құру жөніндегі жобаны іске асыру үшін бірлескен инвесторларды іздеу бойынша жәрдем көрсету, сондай-ақ көлік құралдарын өнеркәсіптік жинау туралы келісім жасасу бойынша жәрдем көрсету туралы өтінішпен жүгінді.
Бұдан әрі Министрдің орынбасары ағымдағы жылдың маусым айында пайдалануға берілген құны 5,9 млрд теңгені құрайтын «Aqniet Holding» ҚБ жиһаз өндіру зауытына және құны 10 млрд теңгені құрайтын «Жасыл Суық Қазақстан» ЖШС өнеркәсіптік тоңазытқыш жабдықтарын өндіру зауытына барды. «Aqniet Holding» басшылығы министрдің орынбасарынан жергілікті өндірушілерге тауарларды сатып алуға қолдау көрсетуді сұрады. «Жасыл Суық Қазақстан» инвесторлары арнайы инвестициялық келісімшарт жасасу бойынша жәрдем көрсету туралы өтініш білдірді.
Арыс қаласына сапары барысында делегация қытайлық «Xinjiang Lihua Group» компаниясының заманауи су үнемдеу технологияларын қолдана отырып, мақта өсіру жобасының қызметімен танысты. Түркістан облысының Ордабасы ауданында делегация құны 2,8 млрд теңге болатын «Бөрте Милка» ЖШС сүт өңдеу зауытын кеңейту жобасына барды.
Кәсіпорын басшыларымен кездесулер барысында инвесторлар проблемалық мәселелерді, оның ішінде индустриялық аймақтар мен логистиканы дамытуға, сондай-ақ жобаларды қаржыландыру құралдарына байланысты мәселелерді шешуге өтініш білдірді. Сондай-ақ инвесторлар Түркістан қаласының әуежайы базасында логистикалық хаб құруға жәрдемдесу мәселесін көтерді. Министр орынбасарының облысқа сапарының қорытындысы бойынша тараптар инвестициялық жобаларды табысты іске асыруда одан әрі белсенді жәрдем көрсетуге уағдаласты.
Түркістан облысы өңірдің экономикасын нығайтуға, салаларды әртараптандыруға және жұмыс орындарын құруға бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру үшін отандық және халықаралық инвесторларды тарта отырып, белсенді дамуын жалғастыруда.
Инвестициялық жобалардың ұлттық пулының шеңберінде 8500-ге жуық жұмыс орнын құрумен жалпы құны 1,5 трлн теңгені құрайтын 23 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, оның ішінде 2024 жылы 900-ден астам жұмыс орны болатын 18,4 млрд теңгені құрайтын 10 жобаны іске қосу жоспарлануда. 2025 жылы химия, азық-түлік өнеркәсібі және денсаулық сақтау салаларында 7 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланса, 2026 жылға қарай энергетика, көлік және логистика салаларында 5 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -