Қазақстан және Түркі инвестициялық қоры қордың дамуын және болашағын талқылады
Астана, 2024 жылғы 6 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қазақстанға сапармен келген Түркі инвестициялық қорының (ТИҚ) президенті Бағдат Әміреевпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Министр Түркі мемлекеттері ұйымының орасан зор әлеуетін ескере отырып, Қорды құру жөніндегі уақтылы және маңызды бастама қатысушы елдердің экономикалық және сауда кооперациясының жаңа мүмкіндіктерін ашатынын атап өтті.
Қор қызметінде Министр Қазақстанда көлік және логистика, агроөнеркәсіптік кешен, инфрақұрылым сияқты инвестицияларды талап ететін экономиканың басым салаларына назар аударуды ұсынды.
Өз кезегінде ТИҚ президенті қазақстандық әріптестермен одан әрі ынтымақтастықты жолға қоюға ұмтылысын және өңірдегі экономикалық кооперацияны дамыту үшін перспективалы жобаларға қаржылық қолдау көрсетуге дайындығын білдірді.
Тараптар Қор қызметінің негізгі мәселелері және тұтастай түркі интеграциясы бойынша тығыз өзара іс-қимылға қызығушылық танытты.
ТИҚ – 2023 жылы құрылған халықаралық қаржы ұйымы, оның мақсаты – ТМҰ-ға қатысушы мемлекеттердің ішкі-өңірлік сауданы кеңейту және экономикалық қызметті қолдау арқылы экономикалық дамуына жәрдемдесу.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -