ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ТҮРКИЯ УНИВЕРСИТЕТТЕРІ ИННОВАЦИЯЛАР МЕН СТАРТАПТАР САЛАСЫНДА КҮШ БІРІКТІРЕДІ
Баку Еуразия университетінде өткен ХІ түркі әлемін зерттеу симпозиумында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен Нийде Өмер Халисдемир университеті (Түркия) арасында ынтымақтастықты нығайту мақсатында ашылған Технопарк кеңсесінде келісімшартқа қол қойды.
Келісімшарт стартап-жобаларды дамыту, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру және Хакатон өткізу саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында жасалды.
Бұл ретте ҚызПУ міндеттеріне бағдарламаға қатысу үшін студенттік стартаптарды ұсыну, акселерациялық бағдарламаны жүргізу процесін ұйымдастыру, сондай-ақ студенттердің хакатондарға қатысуы үшін қажетті ресурстар мен қолдауды қамтамасыз ету жатады. Ал технопарктің міндеттеріне студенттік стартап жобаларына сараптама жүргізу, бағдарламаға қатысушыларға тәлімгерлік қолдау мен консультациялар беру, сондай-ақ студенттер үшін хакатондар өткізуді ұйымдастырушылық қолдау кіреді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -