Қазақстанда ESG-қағидаттарын енгізу перспективалары және «жасыл» қаржыландыруды дамыту Қаржыгерлердің XII Конгресінде талқыланды: Алматы қаласы, 15 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Қазақстанда ESG-қағидаттарын енгізу перспективалары және «жасыл» қаржыландыруды дамыту Қаржыгерлердің XII Конгресінде талқыланды

Алматы қаласында Ұлттық Банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы ұйымдастырған Қазақстан қаржыгерлерінің XII Конгресі өтті.

Конгресс шеңберінде өткен панельдік сессия барысында Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC), Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің (ЕҚДБ), «Центр Кредит Банкінің», «Қазақстанның Даму Банкінің» және «Атамекен» ҰКП-ның ESG саласындағы жетекші сарапшылары Қазақстанда ESG-қағидаттарын (экологиялық,әлеуметтік және басқарушылық өлшемшарттар) енгізудің өзекті мәселелерін талқылады.

Сессия модераторы, Агенттік Төрағасы Мәдина Әбілқасымова климаттың өзгеруі, орнықты жобаларға инвестициялық ағындардың өсуі және «жасыл» қаржыландыру саласындағы халықаралық стандарттардың дамуы сияқты жаһандық сын-қатерлер аясындағы ESG маңыздылығын атап өтіп, талқылауды ашты. Ол Қазақстанның орнықты болашақ бағытында, оның ішінде заңнамалық бастамалар және ESG саласындағы стандарттарды енгізу арқылы белсенді дамып келе жатқанын атап өтті.

Агенттік өз тарапынан қаржы нарығында ESG қағидаттарын дамыту бойынша жұмыс жүргізуде. Заңнамалық деңгейде «жасыл» қаржыландыру ұғымы енгізілді, «жасыл»облигацияларды, «жасыл»кредиттерді және ESG-жобаларды қаржыландыруға бағытталған басқа да құралдарды шығару үшін жағдайлар жасалды.

ESG өлшем шарттары бойынша ақпаратты жария ету жөніндегі нұсқау және Банктер мен басқа қаржы ұйымдары үшін экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқару жөніндегі ұсынымдар (ESRM)  қабылданды. Келесі жылы Банктердің кредиттік портфельдерінің көміртегі ізін бағалау жөніндегі нұсқауды бекіту жоспарлануда.

«Біз қазірдің өзінде қабылданған шаралардың «жасыл» қаржыландыру нарығын дамытуға оң әсерін көріп отырмыз. 2020 жылдан бастап KASE және АХҚО AIX-те орнықты жобаларды қаржыландыру үшін жалпы сомасы 645млрд теңгеден астам ESG облигацияларының 28 шығарылымының листингі өтті. ESG-облигацияларды орналастырудан тартылған қаражат орнықты инфрақұрылым мен экологиялық технологияларды дамыту, гендерлік теңдікті қолдау, экологиялық таза көлікті дамыту және жаңартылатын энергетика саласындағы жобаларды іске асыруға бағытталды», – деп атап өтті М. Әбілқасымова.

Сессия қорытындысы бойынша қатысушылар ESG-қағидаттары бизнес-стратегиялардың ғана емес, мемлекеттік реттеудің де ажырамас бөлігіне айналатынын атап өтті. Бизнесті орнықты  экономикаға тарту үшін ынталандыру жүйесін дамытуды жалғастыру, сондай-ақ корпоративтік басқарудың барлық деңгейлерінде ESG мәдениетін арттыру маңызды. Қазақстан «жасыл» қаржы инфрақұрылымын құру бойынша жұмысты жалғастыруда және жақын арада сарапшылардың пікірінше, орнықты практикалар экономиканың барлық секторлары үшін стандартқа айналуы тиіс.

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 10 89

press@finreg.kz

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар