Қазақстанда ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ТЖ органдары бөлімшелерімен «Скала-2024» бірлескен арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өтті: Астана қаласы, 05 Қыркүйек 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Қазақстанда ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ТЖ органдары бөлімшелерімен «Скала-2024» бірлескен арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өтті

2024 жылғы 4-5 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Алматы облысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою саласындағы уәкілетті органдары бөлімшелерінің қатысуымен «Скала-2024» бірлескен арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өтті.

Оқу-жаттығуға ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің – Беларусь Республикасының, Қазақстан Қырғызстан, Тәжікстан мен Ресей Федерациясы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою саласындағы уәкілетті органдарының құтқару бөлімшелері қатысты.

Оқу-жаттығудың бірінші күні (ағымдағы жылғы 4 қыркүйек) оқу-жаттығудың 2 кезеңі пысықталады, оның аясында командалық-штабтық ойын форматында жер сілкінісінің қатері мен туындау кезіндегі іс-қимылдарды пысықтау, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің құтқару бөлімшелерінің күштері мен құралдарының топтарын нақтылау бойынша жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылды.

5 қыркүйекте  ҰҚШҰ құтқару бөлімшелерін даярлау саласындағы «Жартасты қала – Астана» базалық полигонында (Алматы облысы, Іле ауданы, Тамғалы Тас шатқалы) оқу-жаттығудың практикалық бөлігі өтті.

Оқу-жаттығудың үшінші кезеңі аясында авариялық-құтқару техникалары мен жабдықтарының көрмесі өтті.

Практикалық іс-қимылдарды пысықтау үшін он төрт оқу орны анықталды, онда әртүрлі төтенше жағдайларға имитация жасалды. Әрбір орынның өз мақсаты, кезеңдері және өткізу шарттары бар.

Оқу-жаттығудың аңызы бойынша елді мекен аумағында жойқын жер сілкінісі салдарынан өнеркәсіптік ғимараттар мен құрылыстар қирады, көпір бұзылды, қауіпті және радиоактивті заттар төгілді, екінші факторларға байланысты әртүрлі өрттер орын алды, зардап шеккендер бар.

Құтқарушылар әуе кемелерін қолдану арқылы жер сілкінісі аймағына барлау, кинологиялық есептері бар арнайы белгіленген топтарды десанттау жұмыстарын жүргізді, құрылыс конструкциялары аймағында және химиялық зақымдану шарттарында авариялық-құтқару жұмыстар көрсетілді, төңіректі газсыздандыру және зардап шеккен адамдарды арнайы тазалау жұмыстарын жүргізді.

Бұдан басқа өрттерді сөндіру және теміржол көлігінде авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар жүргізу, зардап шеккен адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсету, зардап шеккен халық үшін дала лагерін, химиялық дала зертханасын  орнату және оның жұмысын ұйымдастыру бойынша бірлескен іс-қимылдар пысықталды.

Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында өрт сөндіру және құтқару бөлімшелері, құтқару авиациясы, тікұшақ түріндегі ұшқышы жоқ ұшу аппараты, робот техникалық құрылғылар жұмылдырылды.

ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің құтқарушылары оқу-жаттығу барысында жойқын жер сілкінісі салдарын жою кезіндегі практикалық дағдыларды жетілідіріп қана қоймай, құтқару операцияларын жүргізу тәжірибесімен де алмасты.

Жалпы бес ел құтқару бөлімшелерінің маневрлері бірлескен күштер төтенше жағдайларды жою кезінде ойдағыдай өзара іс-қимыл жасауға қабылетті екенін көрсетті.

«Скала-2024» арнайы оқу–жаттығуы аясында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің құтқару бөлімшелері арасында құтқару көпсайысы бойынша жарыстар өткізілді. Нәтижесінде Қазақстан командасы бірінші орын үшін, Беларусь командасы екінші орын үшін, Қырғызстан командасы үшінші орын үшін кубоктармен және сыйлықтармен, сондай-ақ Ресей және Тәжікстан командалары «Достық кубогымен» марапатталды.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар