ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҢА ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ: KAIST МОДЕЛІ БОЙЫНША ИННОВАЦИЯЛАР
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҢА ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ: KAIST МОДЕЛІ БОЙЫНША ИННОВАЦИЯЛАР
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек білім және инновациялар жөніндегі жаһандық саммит аясында Корея Республикасына сапары өтті.
27 тамызда ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Korea Advanced Institute of Science and Technology (KAIST) институтында болып, KAIST Президенті Kwang Hyung lee мырзамен келіссөздер жүргізді. Осыдан кейін Қазақстанда KAIST моделі бойынша бірлескен зерттеу университетін құру туралы үшжақты меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Ұзақ және сындарлы келіссөздер нәтижесінде тараптар KAIST моделі бойынша Qazaqstan Advanced Institute of Science and Technology (QAIST) құру үшін негіз болатын техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) бойынша жұмысты бастау туралы келісімге келді.
Сапар аясында жұмыс тобы өзара тиімді ынтымақтастық бағыттарын талқылау үшін KAIST негізгі департаменттерінің профессорларымен кездесулер өткізді. Екі мемлекеттің ұзақ мерзімді стратегиясына сәйкес университет озық зертханаларды құруға және жартылай өткізгіштер, электр, ядролық және кванттық инженерия, сондай-ақ чип өнеркәсібінде зерттеулер жүргізуге назар аударады.
Бұл жоба Қазақстанның жоғары технологиялары мен ғылыми әлеуетін дамытуға ерекше үлесін қосады. Бірлескен зерттеу университетін құру туралы меморандумға қол қою Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы ғылыми ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадамды білдіреді.
Тараптар университет жоғары технологиялар саласындағы ілгерілеудің маңызды қозғаушы күші болып, сын-қатерлер мен мүмкіндіктерге дайын мамандардың жаңа буынын дайындайды деп келісті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -