Қазақстанда жүктелген сақтандыру түрлері кеңеюде: Алматы қаласы, 14 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Қазақстанда жүктелген сақтандыру түрлері кеңеюде

Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтің сан алуан түрлері бойынша кәсіптік жауапкершілікті жүктелген сақтандыру белсенді дамып келеді. Кәсіпкерлік субъектілерінің үшінші тұлғалар алдындағы жауапкершілігін жүктелген сақтандыру халықты кәсіптік қателіктерден, сондай-ақ сапасыз қызметтерден мүліктік қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Соңғы 7 жылда нарықта адвокаттардың, заң консультанттарының, жеке сот орындаушыларының, кеден өкілдерінің, кеден қоймасы иелерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыруды, еңбек мигранттарын медициналық сақтандыруды қоса алғанда, жүктелген сақтандырудың 7 жаңа түрі пайда болды.

2024 жылғы 23 қазаннан бастап медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін міндетті сақтандыру заңнамалық деңгейде енгізілді. Бұл халықты медицина қызметкерлерінің кәсіптік қателіктерінен, сапасыз медициналық қызмет көрсетуден қорғауды күшейтуге ықпал етеді, пациенттердің көрсетілетін медициналық көмектің сапасына деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, адамдар көп жиналатын объектілер иелерінің өрттен қорғау жауапкершілігін сақтандыруды енгізу бойынша заңнамалық түзетулер Парламентте қаралуда. Мұндай сақтандыру сауда орталықтарында және адамдар көп жиналатын, ауданы 2000 шаршы метрден асатын ірі объектілерде өрт болған жағдайда, зардап шеккен адамдардың шығынын орнына келтіруді қамтамасыз етеді.

Жалпы алғанда, сақтандыру нарығын дамытудың және халық пен бизнес үшін сақтандыру қызметтерінің қолжетімділігін арттырудың негізгі бағыттарының бірі сақтандыру шарттарын жасасу және сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру процестерін онлайн-форматқа ауыстыру болып табылады.

2019 жылдан бастап Қазақстанда сақтандырудың барлық міндетті түрлері бойынша онлайн-сақтандыру енгізілді. Бүгінгі күні сақтандыру шарттарының 100%-ы электрондық нысанда жасалады. 2024 жылдың басынан бастап міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру оқиғаларын онлайн реттеу және міндетті автосақтандыру бойынша жол-көлік оқиғалары (ЖКО) кезінде төлемдердің оңайлатылған тәртібі (Еурохаттама) енгізілді.

Сақтандыру оқиғаларын онлайн-реттеу сақтандыру төлемін алу рәсімін едәуір жеңілдетуге және транспарентті етуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде тұтынушы сақтандыру төлемін алуға өтінішті және қажетті құжаттарды кеңсеге бармай-ақ, сақтандыру компаниясының сайты арқылы бере алады.

Еурохаттама ЖКО қатысушыларына полицияны күтпей-ақ, оқиғаны сол жерде тез тіркеуге мүмкіндік береді. Бұл, әсіресе, кішігірім зақымдану кезінде өте маңызды, өйткені ол уақытты үнемдейді және жолдағы кептелісті азайтады. Ағымдағы жылдың басынан бастап Еурохаттама мобильдік қосымшасы арқылы 8 мыңға жуық оқиға бойынша 1,54 млрд теңге сомаға төлемдер жүргізілді. Бұл ретте төлемнің орташа мерзімі күнтізбелік 15 күнді құрады.

Егер ЖКО-ға тек 2 көлік құралы қатысса және қатысушылар олардың қайсысы апатқа кінәлі екендігімен келіссе, осы қызметті пайдалануға болады. Мұндайда адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру, үшінші тұлғалардың мүлкіне зиян келтіру фактісінің болмауы маңызды талап болып табылады. Бұл ретте шығын 100 АЕК-тен аспауға тиіс.

Биыл 23 қазаннан бастап медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін жүктелген сақтандыру шарттарын жасасу үшін Бірыңғай сақтандыру пулының платформасы іске қосылды. Платформа денсаулық сақтау субъектілеріне (медицина ұйымдары мен жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғаларға) сақтандыру шартын жасасуға, ал пациенттерге сақтандыру төлемін электронды түрде алуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта денсаулық сақтау субъектілерін платформаға қосу жұмысы жалғасуда.

Сыртқы коммуникациялар Басқармасы

+7 (727) 237 10 89

press@finreg.kz

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар