Қазақстанда жанар-жағармаймен қамтамасыз ету жақсарды, болашақта оны экспорттау мүмкіндігі бар- Энергетика министрлігінің басшысы
Қазақстан энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында:
Ағымдағы жылдың 4 айының қорытындысы бойынша мұнай өңдеу көлемі 5,9 млн.тоннаны құрады және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105,4%-ды көрсетті (5,6 млн. тонна).
Мұнай өнімдерін өндіру 4,28 млн.тоннаны немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 94% -ды құрады (4,55 млн. тонна).
Анықтама: мұнай өнімі-мазут өндірісінің төмендеуі - битум өндірісінің артуына байланысты.
Қазіргі таңда мұнай өнімдерін өндіру нарығындағы жағдай келесідей:
1) МӨЗ-дегі, мұнай базалары мен жолдарындағы дизель отынының көрсеткіші 612 мың тоннаны немесе 38 күндік, Аи-92 – 352 мың тоннаны немесе 30 күндік, Аи-95 – 86 мың тоннаны немесе 30 күндік жиынтық қорды құрайды. ЖЖМ қоры оның өндірілуіне және өңірлерден өтінімдердің түсуіне қарай толықтырылады.
2) мұнай өңдеу тереңдігі артты, яғни ашық түсті мұнай өнімдерін өндіру 85-тен 87%-ға дейін ұлғайтылды.
3) 5 мамырда Шымкент МӨЗ-де жоспарлы күрделі жөндеу аяқталды, зауыт штаттық режимде жұмыс істейді.
Осылайша, 2023 жылмен салыстырғанда ЖЖМ нарығындағы жағдай жақсарды.
Сондай-ақ өндірісті кеңейту арқылы мұнай өнімдерін өндіруді ұлғайту жоспарлары бар:
- Ақтау битум зауыты 1-ден 1,5 млн. тоннаға дейін (2025 ж.)
- Шымкент МӨЗ 6-дан 12 млн. тоннаға дейін (2030 ж.);
- Атырау МӨЗ 5,5-тен 6,7 млн. тоннаға дейін (2027 ж.);
- Павлодар МХЗ 5,5-тен 8 млн.тоннаға дейін (2030 ж.).
Осы жобаларды іске асыру ішкі нарықтың ЖЖМ-ға өсіп келе жатқан қажеттілігін 100% - ға қамтамасыз етуге, сондай-ақ мұнай өнімдерін көрші елдерге экспорттауға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -