Қазақстанның ауыл шаруашылығы: статистиканы толық қайта қарау және санақ табалдырығындағы негізгі сала: Астана қаласы, 20 Қыркүйек 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Қазақстанның ауыл шаруашылығы: статистиканы толық қайта қарау және санақ табалдырығындағы негізгі сала

Ауыл шаруашылығы статистикасындағы теңгерімсіздіктер мен алдағы өзгерістер жөнінде Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Төлеуов  Kapital.kz тілшісіне сұхбат берді.

Ағымдағы жылы ел басшылығы өндіріс көлемін ұлғайту мен отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің қосылған құнын арттырудың стратегиялық міндетін шешуге, сондай-ақ субсидиялардың бөлінуіне және игерілуіне бақылауды күшейтуге мақсат қойды.

Сонымен қатар, қазір ауыл шаруашылығын дамыту үшін толыққанды ақпарат жоқ екендігі атап өтілді.

Елдің ауыл шаруашылығы секторындағы жалған статистикалық деректердің мәселесін қалай шешетіні туралы Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығының тілшісіне Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Төлеуов сұхбат берді.

Мемлекет басшысы 2 қыркүйектегі Жолдауында сенімсіз деректер ауыл шаруашылығындағы нақты жағдайды бағалауға мүмкіндік бермейтінін және бұл жағдайдың себебі – жалған мәліметтер екенін атап өтті. Сіздің пікіріңізше, ауыл шаруашылығында жалған мәліметтер неліктен пайда болды және бұл сала үшін қандай салдарларға әкелуі мүмкін?

Аграрлық сектордағы бастапқы статистикалық ақпаратты шаруа, фермер қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтарға қатысты жүзеге асырылатын электрондық шаруашылық бойынша есепке алу (бұдан әрі-ЭШБЕА) деректері негізінде кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтердің әкімдері қалыптастырады. Осы деректердің барлығы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросына (бұдан әрі – Бюро) келіп түседі және өңделеді, мұнда біз сала бойынша жалпы суретті аламыз – мал басы, егіс алқаптарының көлемі және т.б. көрінеді.

Осыны ескере отырып, бұл жерде белгілі бір мүдделер қақтығысы туындауы мүмкін – кейбір жергілікті атқарушы органдар жоғары тұрған органдар қойған нысаналы индикаторларға қол жеткізудің пайдасына өз елді мекенінің/аймағының нақты статистикасын жасырып, жалған мәлімет арқылы төмен көрсеткіштерді асыра бағалауға бейім болуы мүмкін.

Осылайша, бұрмаланған деректер субсидиялау және кредиттеу бойынша қате шешімдерге, бизнес субъектілерінің, екінші деңгейлі банктердің салаға деген сенімсіздігіне әкеліп, соның нәтижесінде, мемлекеттік қолдау мен ауыл шаруашылығы өндірушілерін ынталандыру механизмдері жұмыс істемей қалуы мүмкін.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жалған мәлімет есебінен қосымша субсидиялар алудың қолданыстағы схемалары мемлекеттік қолдау арқылы оңай ақша табуға ұмтылуда жалған деректерді «көбейтуге» ықпал етті.

Осы тұрғыда Президент өз Жолдауында агроөнеркәсіптік кешенді тікелей субсидиялаудан қолжетімді несиелендіруді қамтамасыз етуге біртіндеп көшу туралы міндет қойғанын атап өту маңызды. Бұл, өз кезегінде, ауыл шаруашылығы бойынша барлық статистиканы толығымен қайта қарауды талап етеді және одан әрі респонденттерді ЭШБЕА -ға түсетін деректерге жалған мәлімет енгізуге ынталандырмайды.

Сондай-ақ Президент Жолдау аясында ауыл шаруашылығындағы жалған деректерді атап өтіп, сол аталған жалған мәліметтерді анықтаған арнайы комиссия жұмысының нәтижелері белгілі болғанын айтты. Осы жұмыста Бюроның қатысы болды ма? Егер болса, ауыл шаруашылығы саласындағы қандай негізгі бұзушылықтар анықталды?

Иә, аталған арнайы комиссияның жұмысы Агенттігіміздің Бюросына тікелей сүйенді.

Жалпы, ауыл шаруашылығындағы сенімсіз деректерді анықтау үшін Бюро бірнеше рет мәліметтерді салыстыру жұмыстарын жүргізді. Өткен жылы шаруашылық есебінің мәліметтерін бағалау мақсатында Бюро Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, үй шаруашылықтарын іріктеп аралау жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде, ірі қара мал саны бойынша ресми деректермен салыстырғанда орташа алғанда 20%-ға дейін елеулі алшақтықтар анықталды. Сонымен қатар, қайтыс болған адамдардың (143,7 мың адам) және жоқ адамдардың (дұрыс емес ЖСН – 64,2 мың бірлік) аттарына мал тіркеу жағдайлары табылды. 2023 жылдың тамыз айында картоп егілген алқаптарға қатысты деректер тексерілді. ЭШБЕА деректері мен бақылау аралау нәтижелері арасындағы айырмашылық 75% құрады. Бұл – орасан зор айырмашылық.

Сондай-ақ, Бюро жануарларды сәйкестендіру бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректер базасымен ЭШБЕА деректерінің сәйкестігін мемлекеттік бақылаудан өткізді. Осы жұмыстың аясында 2023 жылы әкімдерге анықталған бұрмалауларды түзету үшін 2405 қорытынды жіберіліп, оның 2376-сы орындалды. Сондықтан негізгі проблемалар ЭШБЕА деректерінің өзектілігінің болмауымен байланысты деп айтуға болады.

Оған қоса, 2023 жылдың қараша айында ауыл шаруашылығы статистикасындағы мәселелерді қадағалаушы Премьер-Министрдің орынбасарының басшылығымен талқылау өтіп, онда жануарлар саны мен егіс алқаптары бойынша деректерді 2024 жылдың 1 қаңтарына және 1 шілдесіне дейін толық және сапалы түрде жаңарту тапсырылды. Басқаша айтқанда, шаруашылық есебін алдыңғы мәліметтерге сүйенбей, нөлден жүргізу қажет болды.

Нәтижесінде, қайта есептелген деректерге сәйкес, 2024 жылдың 1 қаңтарына ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын ескере отырып, ірі қара мал саны 23%-ға қысқарып, 2 млн басқа жетті, қой саны 14%-ға төмендеп, 2,8 млн бас болды, ешкілер 20%-ға азайып, 0,4 млн басты құрады, шошқалар 34%-ға қысқарып, 0,3 млн бас, үй құстары 22%-ға азайып, 12,5 млн басты құрады.

Сондай-ақ, ауылдық әкімдер халық арасында, шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтарда ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарын 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жаңартты. Нәтижесінде картоп егіс алқабы 58%-ға азайып, 93,2 мың гектарға, пияз 29%-ға азайып, 10 мың гектарға жетті. Қазіргі уақытта Бюро бұрын жарияланған статистикалық ақпаратқа өзгерістер енгізу жұмыстарын жүргізуде. Президент өз Жолдауында осы жұмыстың нәтижелерін атап өтті.

Әкімшілік дереккөздер мен мәліметтер базасындағы осындай бұрмаланған деректер проблемалар туғызуда. Сондықтан осы міндеттердің барлығын түзету және саланың нақты көрсеткіштерін алу үшін біз келесі жылы кең ауқымды ауыл шаруашылығы санақтарын өткіземіз, оның нәтижесінде ауыл шаруашылығындағы нақты жағдай туралы ең өзекті ақпарат қолымызда болады.

Келесі жылы ауқымды ауыл шаруашылығы санақтарын өткізу жоспарлары туралы айттыңыз. Бұл туралы толығырақ айтып бере аласыз ба? Ауыл шаруашылығы санақтарының елдің ауыл шаруашылығын дамытуға ықпалын қалай бағалайсыз? Сала жағдайын талдау үшін қандай деректер ең маңызды деп ойлайсыз?

Барлығына белгілі, ауыл шаруашылығы ел экономикасында маңызды рөл атқарады, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ауылдық жерлерде жұмыс орындарын құрады, бұл – халықтың 38%-ы, оның ішінде 12%-ы тікелей осы салада жұмыс істейді. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы жұмыспен қамтылғандар саны мен негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі бойынша төртінші орында тұр, сондай-ақ экономикалық үлес бойынша жетінші орында.

Сондықтан осы саланың өзгерістерін және динамикасын қадағалау өте маңызды және өзекті мәселе. Жоғарыда айтылғандай, ауыл шаруашылығындағы статистикалық деректерді жаңарту мақсатында Агенттігіміздің Бюросы 2025 жылы ауыл шаруашылығы санақтарын жүргізуді жоспарлап отыр. Қазақстанда бірінші және жалғыз ауыл шаруашылығы санағы 2006-2007 жылдары өткен болатын, ал БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы оны әр он жыл сайын өткізіп отыруды ұсынады. Кейбір елдерде, мысалы, АҚШ пен Канадада, санақ әр бес жыл сайын, ал Германия мен Нидерландыда – әр төрт жыл сайын өткізіледі. Көршілес елдердің тәжірибесіне келсек, Ресейде санақ әр 10 жыл сайын, ал әр бес жылда микросанақтар өткізіледі.

Алдағы санақтың негізгі мақсаты – аграрлық шаруашылықтар, әсіресе ұсақ шаруашылықтар туралы мәліметтер жинау, бұл сектордағы үрдістер мен өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді. Санақ науқанының әдістемесі мен ақпараттық жүйелерін тестілеу үшін биылғы 20 тамыздан 30 қыркүйекке дейін 54 елді мекенде пилоттық санақ өткізіледі.

Санаққа қатысушылар – заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер (оның ішінде фермерлік және шаруа қожалықтары), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылық жүргізуге арналған жер телімдері бар үй шаруашылықтары болады. Санақ жер және егістік алқаптары, мал саны, ауыл шаруашылығы техникасы мен инфрақұрылым бойынша деректерді жаңартуға көмектеседі. Респонденттер өз қызметінің сипаттамалары, инженерлік коммуникациялардың, энергия көздерінің, еңбек ресурстарының болуы және басқа аспектілер туралы сұрақтарға жауап береді. Ұлттық статистика бюросы жинаған деректердің анонимділігіне кепілдік береді, олар агрегатталған түрде өңделіп, респонденттердің жеке ақпаратын ашпай жарияланады. Осындай жұмыстың барлық регламенттері нормативтік-құқықтық актілерде нақты бекітілген.

Ел үшін стратегиялық маңызды саланың объективті және кешенді бағалануы ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Саланың ағымдағы жағдайын шынайы бағалап, оның дамуына кедергі болатын мәселелер мен мүмкіндіктерді анықтауға көмектеседі. Бұл, өз кезегінде, саладағы барлық қатысушыларға қажетті қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді.

Сіздің ойыңызша, ауыл шаруашылығындағы деректердің ашықтығын жақсарту үшін заңнамаға немесе тәжірибеге қандай өзгерістер енгізу қажет?

Ауыл шаруашылығындағы деректердің ашықтығын жақсарту үшін деректерді жинау және өңдеу тәжірибесіне өзгерістер енгізу қажет. Атап айтқанда, деректердің сапасындағы негізгі мәселелер қолмен енгізу кезінде бақылаудың болмауымен және ақпарат жинаудың жеткіліксіз автоматтандырылуымен байланысты.

Мысалы, ауыл шаруашылығы деректерін қалыптастыру бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігінің 70 формасының 50-ден астамы әлі автоматтандырылмаған. Бірқатар ақпараттық жүйелерде олқылықтар мен қателіктер бар. Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша біз Ауыл шаруашылығы министрлігінің ауыл шаруашылығы техникасына қатысты ақпараттық жүйесінде (Ауыл шаруашылығы техникасының мемлекеттік тіркелімі) жойылған кәсіпорындар мен қайтыс болған адамдардың иелер ретінде тіркелгенін анықтадық. Дәл осындай сәйкессіздіктер мен деректердің бұрмалануы ауыл шаруашылығы бойынша басқа да әкімшілік ақпарат көздерінде байқалады, соның ішінде жануарларды есепке алу базасында (Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру) және Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрында, ол жер, егістік алқаптар, жайылымдар және т.б. туралы ақпаратты қалыптастырады және ұсынады. Мұндай жүйелердегі қателіктер саладағы қажеттілік пен жағдайды бұрмаланған түрде түсінуге әкеледі. Бұдан бөлек, жоғарыда аталған жұмыстар барысында мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығындағы жалған деректерді анықтау және азайту шаралары әлі де Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараттық жүйелерінде көрініс таппады. Сондықтан жоспарланған ауыл шаруашылығы санақтары осындай маңызды ақпараттық жүйелерді сапалы және бір мезгілде жаңарту үшін берік негіз болады.

Сонымен қатар, осы жылдан бастап Бюро деректер контролерлері институтын құруда. Бұл ұғым заңнама деңгейінде енгізілді. Аталған мамандар басқа ведомстволардың әкімшілік деректерінде сапасыз ақпаратты анықтап қана қоймай, проблемалар туралы белсенді түрде хабарлап, қиындықтарға жедел жауап беруге мүмкіндік береді. Мұндай ақпараттық жүйелерге, соның ішінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерекқорларына тұрақты бақылау, ауыл шаруашылығы санақтарын ескере отырып, көрсеткіштердің реттелуін қамтамасыз етіп, қателер мен түсініспеушіліктердің ықтималдығын барынша азайтады. Нәтижесінде, осындай шаралар арқылы біз ақпараттың сенімділігі мен дұрыстығын едәуір арттыра аламыз.

Сондай-ақ, Статистика бюросы «Цифрлық статистикалық тіркелімдер» жобасын бастады, ол әкімшілік деректер негізінде эталондық дерекқорлар құруды көздейді. Бұл мәліметтердің қайталануын болдырмауға және респонденттердің есептік жүктемесін азайтуға көмектеседі. Дегенмен, жобаны сәтті жүзеге асыру үшін деректерді жинау процестерін толығымен автоматтандыру және әкімшілік деректер сапасын арттыру қажет, бұл талқыланып отырған тақырып аясында ақпараттық жүйелер мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің жүйелерін жаңғыртуды қажет етеді.

Осылайша, ауыл шаруашылығындағы деректердің ашықтығын арттыру үшін біз автоматтандыруды енгізу, жүйелерді жаңғырту және деректер сапасын бақылау механизмдерін құру қажет деп санаймыз.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар